Weekend

Жаңа команда: Daryn.online жобасының серіктестері бас қосты

Біз - бір командамыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мектеп пәндерін оқушыларға қарапайым тілмен түсіндіретін, елде бірегей онлайн білім беру жобасы атанған – Daryn.online жобасы аймақтағы серіктестерін жинап, жұмысын бастап кетті.

Балаларға онлайн курс ұсынып отырған аталмыш жоба былтыр қолға алынып, осы жылдың күзінде іске қосылған болатын. Жобаны жер-жерде танытып, дамыту үшін әр аймақтан серіктестер тартылды. Яғни, әр аймақтан бір-бірден франшизалар сатылып, cолардың иегерлері жобаның серіктесі атанды. Енді олар таңдап алған өңірінде жобаны таныстырумен айналысуы тиіс. Ол үшін серіктестерге жобаның қыр-сыры мен оны таныту жолдарын үйрету керек.

Сондықтан жобаға сенім білдіріп, оны дамытуға ниеттестік танытқан жандар мен жоба авторлары бас қосып, бір-бірімен пікір алмасты, бизнестің қыр-сырына қанықты.

- Қазақстандағы білім беру жүйесінің мәселелері талқыланып, Daryn.online жобасы қазіргі білім саласына қай жағынан ықпал ете алатындығы сөз болды. Онлайн сабақ оқытуды қай жағынан дамытуға болады, платформасының өзін қалай пайдалануға болады, төлем процесі қалай жүреді, оқушылардың қызығушылығы қандай – соның барлығын талқыладық, - дейді жоба жетекшісі Бөгенбай Серікбай.

Жоба авторлары алдағы уақытта онлайн білім беруге деген жұрт сұранысын арттыру үшін үлкен медиа-жұмысты бастауды ниет етіп отыр. Яғни, қазіргі заманда біздің мемлекетімізге, дүниежүзіне қандай мамандықтар қажет, ондай мамандықтарды қайдан, қалай оқуға болады – соның барлығын оқушыларға қарапайым тілмен түсіндіретіндей контент желісін бастауды жоспарлап отыр. Оған Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы да атсалыспақ.

- Әзірше, 20-дан астам серіктесіміз бар. Әлі 4 серіктесті күтіп отырған жайымыз бар. Біз жай ғана жобамен айналысушы адамдар емеспіз, біз – тұтас командамыз. Яғни, Қазақстанда онлайн білім беруді дамытуды қолға алған командамыз. Сондықтан жаңадан жасақталған командаға жаңа дүниелерді үйретуіміз керек. Сол үшін командамызбен әрбір үш ай сайын Қазақстанның әр аймағына барып, соның тыныс-тіршілігімен, менталитетімен, мәдени-тарихи, әлеуметтік өмірімен танысуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, жылына бір рет шетелге шығып тұрмақпыз, - дейді Бөгенбай.


Осы орайда айта кеткеніміз жөн, Daryn.online-ның әзірше төрт аймақтағы франшизасы бос тұр: олар – ШҚО, СҚО, Павлодар мен Қостанай облыстары. Осы өңірден серіктес болғысы келетіндерге есігіміз ашық.

Толық ақпарат пен сұрақтар бойынша байланыс: 8747-553-53-96