Саясат

Украинада сепаратистер әскерлерін кері қайтара бастады

Бұл - Ресей мен Украина басшылырының алғашқы бетпе-бет келіссөздерінің алғышарты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеу қолдайтын сепаратисттердің әскері Украинадан шыға бастады, деп хабарлайды Францияның "AFP" ақпараттық сайты.

Көптен күткен кері қайтару - бұл Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Володимир Зеленскийдің Франция мен Германия басшыларының делдалдығы бойынша өткізлетін алғашқы бетпе-бет келіссөздерінің алғышарты болып саналды.

- Луганск облысындағы Золоте-4 аймағында әскерді шығару процесі екі жақтан бірдей басталды, - деп хабарлады Украина армиясы Facebook парақшасында.

Өздерін Луганск республикасы деп атайтын сепаратизм өкілі Владислав Дейнего да аймақтағы әскерлерді шығару басталғанын айтты.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушысы да бұл қадамды растады деп жазады басылым.

ЕҚЫҰ-ның арнайы өкілі Мартин Сайдик: «Бүгін тараптар Золотода әскерлер мен қару-жарақты аймақтан шығаруды қайта бастады», - деді журналистерге.

Украина мен Ресейдің арасындағы байланыстар 2014-ші жылғы Кремль қолдаған режимді құлатқан қанды көтерілістен кейін үзілген болатын. Бұл барыста Мәскеу Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы көтерілісшілерді қолдады.