Bugin

Сапарбаев: Түркістан мен Шымкент өңірлері тапсырма орындамай отыр

Кәсіп ашу үшін несие беру нашар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын кейбір өңірлер дұрыс жүзеге асырып отырған жоқ. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы – кәсіп ашқысы келген азаматтарға қолдау көрсететін негізгі мемлекеттік бағдарлама. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, елдің кейбір өңірлерді бұл бағдарламаның орындалуына көңіл бөлмей, кәсіп ашқысы келген азаматтарға жеткілікті қолдау білдірмей отыр.

- Өкінішке қарай, кейбір өңірлер берілген тапсырманы нашар орындаған. Мысалы, «Бизнес бастау» бағдарламасының орындалуы Алматы қаласында - 37, Шымкентте – 26, Нұр-Сұлтанда 6-ақ пайыз. Берілген гранттар саны мен гранттарды игеру бойынша Түркістанда - 15, Шымкентте - 4, Нұр-Сұлтанда 23 пайыз. Шағын несиені игеру бойынша Маңғыстауда – 42 , Шымкентте – 41, Нұр-Сұлтанда 49 пайыз. Екі ай ғана уақыт қалды. Осыған орай өңір басшыларына тапсырма берсеңіз. Біріншіден, тапсырылған жұмыс орындары ашылуы керек. Екіншіден берілген гранттар, несиелер толық игерілуі тиіс, - деді Бердібек Сапарбаев ел үкіметінің басшысы Асқар Маминге қайырылып.

ҚазАқпарат