Саясат

АҚШ Түркияға санкция салды

АҚШ-Түркия арақатынасы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы Сирияда әскери операция жүргізу және Анкараның ресейлік С-400 зениттік зымыран жүйесін сатып алуына байланысты Түркияға қарсы санкцияны мақұлдады. Бұл туралы конгрестің төменгі палатасына сілтеме жасай отырып, ТАСС хабарлайды.

Pact Act бастамасы (Protect Against Conflict by Turkey Act - Түркия тарапынан қақтығыстан қорғау туралы Заң) АҚШ президенті Дональд Трампты Сириядағы әскери операция үшін қару жеткізуге қатысы бар адамдарға қарсы шектеу қоюға шақырады. АҚШ бұл азаматтардың қаржыларын бұғаттап және олардың өз аумағына кіруіне тыйым салады.

Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акарға да шектеу қояды. Сондай-ақ конгрессмендер мемлекеттік Halkbank банкіне қарсы Түркия қорғаныс өнеркәсібімен жасалған мәмілелерге қатысуына байланысты санкциялар енгізгісі келеді.