Саясат

Сыбайлас жемқорлық: Президентті соттайтын заң қабылданды

Қылмыстық заң

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Республика президентін қылмыстық қудалауды бастау үшін Сенат қолданыстағы қылмыстық заңды негізге алып отырып, өз айыптауын жариялайды.

Мексиканың депутаттар палатасы қазіргі президентті тек мемлекетке опасыздық жасағаны үшін ғана емес, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық және сайлау қылмыстары үшін соттауға мүмкіндік беретін конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізген заң жобасын мақұлдады.

- 420 дауыс қолдап, 29-ы қарсы шығып, бесеуі қалыс қалған. Сыбайлас жемқорлық, сайлаудағы қылмыстары және конституцияның 19-бабында көрсетілген айып бойынша Президент үстінен сот ісін жүргізуге мүмкіндік беретін конституциялық реформа жобасы қабылданды және ол қабылдау үшін Мексика Сенатына қайтарылды (өзгертулермен), деп хабарлады Мексика депутаттары палатасының Twitter-дегі парақшасында.

Депутаттардың пікірінше, республика президентін қылмыстық қудалауды бастау үшін Сенат қолданыстағы қылмыстық заңды негізге алып отырып, өз айыптауын жариялайды.

zakon.kz

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61