Саясат
Қылмыс әлемінің танымал 3 "генералы"
Серік Қалықұлы 1965 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарғалы (Фабричный) кетінде дүниеге келген. Орта білімді, жұмыс істемейді, үйленбеген. Серік тек Қазақстанға ғана емес, шетелде де қылмыс әлемінің құрметті адамдарының бірі. Заңды ұрылығы үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазіргі таңда ол Талғар қаласындағы Арқалық түрмесінде жазасын өтеп жатыр.
Серікті алғаш рет 1982 жылы бөтен үйдің мүлкін ұрлағаны үшін Жамбыл аудандық соты оны 3 жылға бас бостандығынан айырады. Түрмеден жазасын өтеп шыға салысымен 1986 жылы ол тағы сотталады. Бұл жолы ол жеке тұлғаға ауыр жарақат салғаны үшін Қаскелең аудандық соты 10 жылға абақтыға жабады.
Серіктің қылмыс әлеміндегі алғашқы тәлімгері 1952 жылы дүниеге келген Александр Клаузер. Екеуі бірге Степногорсктағы ИК-90 калониясында жазаларын өтеген. Клаузер Серікке қолдау көрсетіп, оны түрменің үйреншікті заңына үйретіп, ақылын береді.
Екінші қадам Серік үшін нағыз шеберлік сынып болды. Бұл жолы оған ұрылық курсын сәтті игергені үшін «бас» деген лақап ат беріледі. Түрмеден босап шыққаннан кейін, араға бір ай салып, ол Мәскеуге жол тартады. Мәскеуде де қылмыстық әрекетін жалғастырады. Бұл жерде оған протекцияны Ресейдегі танымал заңгерлердің бірі Михась жасайды. Михасьті қылмытық әлемнің 40 патшасы қолдаған.
Серік-Қазақстан тарихындағы алғашқы ұрылардың бірі болды. Осы уақытқа дейін мұндай қылмыскерлерді Ресей соты тұтқындайтын.
Айтқали Маймышев ірі қылмыстық беделге ие ұрылардың бірі. Ол көпшілікке Леха деген атпен танымал. 1995 жылы оған қылмыстық әлемнің генералы деген атақ берілді. Ол 46 жыл ішінде 17 рет қылмыстық іске барған. Бірнеше жыл бұрын ол жергілікті су зауытына жұмысшы ретінде кіреді. Осы кездері кәсіпорын иелері – Есентай мен Жұмабай Байсақовтар қылмыскерлермен байланысы бар деген күдікке ілінеді.
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Леха Қытайдан контрабандалық тауарларды Қазақстанның шығыс аймақтары арқылы Ресей Федерациясының аумағына жеткізуді бақылаған. Ал содан соң Павлодарға іскерлік байланыстарды нығайту мақсатында аттанған. Тергеу органдары Маймышевтің республика аумағындағы көлеңкелі бизнес саласындағы бірнеше ірі қылмыстарға және басқа да жазасы ауыр істерге қатысы барын жоққа шығармайды. Бірақ әзірге оған тек есірткі мен қаруды сақтады деген айып тағылған. Павлодар облысының прокуратурасы беделді ұрыны қамауға алды.
Озманов Тенгиз Арамович 1966 жылы 26 қаңтарда Грузия астанасы Тбилисде дүниеге келген. Ол ұры әлеменің танымал генералы. Қазіргі таңда бостандықта жүр.
Көпшіліктің айтуынша, мұндай белді қылмыскерлер отбасы мен жақындарын ешкімге көрсетпеуге тырысады. Олар шаңырақ көтере алмайды. Дегенмен әйелі мен балаларын жасырын ұстайды деген сыбыс бар.