Спорт
Наурызда не сәуірде
UFC ұйымы Хабиб Нурмагомедов пен Тони Фергюсонды кездестіру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын бастап кетті. Мұны UFC президенті Дана Уайт айтып отыр.
The Schmо арнасына берген сұхбатында Дана Уайт екі спортшының кездесуі 2020 жылдың көктемінде, нақтырақ айтсақ, наурыз не сәуір айларының бірінде өтетін болады.
Жеңіліп көрмеген Хабиб Нурмагомедов UFC белбеуін қорғап қалу үшін төбелеспек. Әзірше, жеңіл салмақ девизионында Хабиб тек Тонимен ғана төбелескен жоқ.
UFC бұл кездесуді төрт рет ұйымдастырмақ болып, екі рет Хабиб, екі рет Тони жарақат алып, кездесу өтпей қалған еді.
Ал Конор МакГрегор Киевте өткен баспасөз конференциясында Хабибтің Тониді жеңуге деген мүмкіндігі көп екендігін айтқан болатын.