Bugin

Шымкент: Халықтың полицияға деген сенімі артуда

Полиция үшін ең қымбат – халықтың сенімі, олардың алғысы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкент қаласында "Полиция үшін ең қымбат – халықтың сенімі, олардың алғысы" ұстанымына басымдық бере отырып және құқықбұзушылықтың алдын алуда және қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда атқарылған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қала көлемінде тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 11856-дан 10314-ке яғни 13% төмендеп, қылмыстардың ашылу пайызы 32-ден 35-ке жақсарған. 

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаменті басшысы Ералы Жұмаліұлы Жұмаханов "Ақпараттық коммуникациялық орталықта" баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

Шымкент қаласының бас полицейінің сөзінше шаһарда қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар саны 4212–ден 4121-ге, яғни 2 пайызға, ал көшелерде орын алған қылмыстар 2339-дан 2185-ке, яғни 7 пайызға азайған. Сонымен қатар, отбасында жасалған қылмыстар саны артқан..

 – Отбасында жасалған қылмыстар 12-ден 29-ға яғни 141 пайызға, сотты болғандармен жасалған қылмыстар 692-ден 827-ге яғни 19 пайызға, мас халде жасалған қылмыстар 233-тен 276-ға дейін, яғни 18 пайыз өскен, - дейді Ералы Жұмаліұлы. 

Шымкент қаласының бас полицейінің сөзінше қалада жоғары оқу орындарында шетелдік 7020 студент тіркелген. Оның басым бөлігі Өзбекстаннан келген шәкірттер. 

Жыл басынан бері Шымкентте 6 рет "Жолда қабылдау акциясы" ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан 8 мыңға жуық арыз-шағымдар келіп түскен. 

– Тұрғындардан келіп түскен арыздардың барлығы ескеріліп, жұмыс жасаудамыз. Сондай -ақ, әр аптаның сәрсенбі күні тұрғындармен қабылдау күні өтеді. Қабылдау барысында азаматтардың арызына негізделіп 777 шешімге ықпал жасалынды, - деді Ералы Жұмаліұлы. 

Бүгінде қаладағы Қаратау, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші аудан әкімдігі жанынан фронт офистер ашылып тұрғындардармен кері байланыс орнатуға оң нәтиже көрсетуде. 

Шымкент қаласында жалпы қоғамдық саяси ахуал тұрақтылығы жөнінде Е. Жұмахановтың сөзінше ағымдағы жылы 59 тұлғаның қатысуымен 4 рұқсат етілмеген шерулер өткізу кезінде 16 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып қоғамдық қауіпсіздіктің бұзылуының алды алынған.