Саясат

Депутат: Саясаттағы идеалым – Елбасы, ешқашан өтірік айтып көрмегенмін

Депутаттың "ағынан жарылуы"

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Депутаттық қызметке келгеніне  14 жыл 11 ай 24 күн болған Нұртай Сабильянов өзінің саясаттағы кумирі экс-президент Назарбаев екенін, белгілі журналист Серік Абас-Шахтың әжуаларына еш ренжімейтінін айтып ағынан жарылды.

Мұны уикипедия да растайды: «Саяси қайраткер ретіндегі идеалы – Н.Ә. Назарбаев».

Нұртай Сабильянов туралы уикипедиядағы дерек. Скриншот-қиынды. 

«Абайдың 45 сұрағы» жобасында алғаш еңбек жолын құрылысшылықтан бастаған мәжіліс депутаты «парламенттегілерге шаң жуытпауға» тырысып, «депутаттарға халықтың сенімі жоғалғанын» жоққа шығарды. Оның сөзінше, мұндай ойлар «Халық емес, жекелеген адамдардың пікірі». Бір қызығы, бейнематериалдың пікірлер бөлігінде білдірілген 35 пікірдің тек біреуі ғана позитивті.«Суайт», «нашар уәзірлер», «сонша уақыт қайда жүрдің», «менің күлкім келеді», ақын Шахановтың «ТЖ» ұғымы т.б. коментарийлер «Халықтан емес, хейтерлерден» деп қабылдайтын билікшіл блогерлер табылары сөзсіз.

Депутат Нұртай Сабильянов бұған дейін өзі туралы 6 кітап жарық көргенін («Намыс найзағайы» (1996 ж.), «Нұртай» (2001 ж.), «Шапағат» (2004 ж.), «Парыз» (2008 ж.), «Ел аманаты» (2008 ж.), жуырда тағы 3 еңбек  жарық көретінін айтып қалды. Сұхбат алдын-ала дайындалғаны байқалады. Бірақ «халық қалаулыларының» ашық қоғамға шығуының өзі зор жетістік деп санамасқа шара не?!