Саясат

Киевте наразылық: Укриандар Донбастан әскерін әкетуге қарсы

Украин әскері үш күннің ішінде Донбастан шығуы тиіс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Киевтегі Украина Президентінің кеңсесі ғимаратының жанында украиндық әскери күштердің Донбасстан шығарылуын тоқтатуды талап ететін наразылық митингі басталып, Банкова көшесінде 400-ге жуық адам жиналды. Бұл туралы Rambler хабарлайды.

Олар ұрандар айтып, Владимир Зеленскийді әскерді шығаруды тоқтатуға шақырды. Құқық қорғау органдары болып жатқан оқиғаларға араласпауда. 

Сейсенбіде Донбастағы қақтығыстың екі тарапы да Золотойда күштер мен құралдардың әкетілуіне дайын екендіктерін хабарлады, содан кейін Украинаның сыртқы істер министрі Вадим Пристайко бұл процестің басталғандығын хабарлады. Жасақтар да Золотойдың ауданынан күштерін шығарып жатыр.

Украинаның Қорғаныс министрлігі бұл жерден әскерлердің шығарылуы шамамен үш күнге созылатындығын хабарлады.