Weekend

Грета Тунберг Солтүстік кеңестің экологиялық сыйақысынан бас тартты

$52 мыңға жуық сыйақыдан бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Швед экоактивисі Грета Тунберг Солтүстік кеңестің экологиялық сыйақысын алудан алудан бас тартты. Ал сыйақының көлемі 52 мың доллар болатын. 

Жас белсенді «климаттық қозғалыс бұдан былай марапатқа мұқтаж емес» деп атап өтті.

- Бізге саясаткерлеріміз бен биліктегі адамдардың заманауи ғылымның не айтатынына құлақ түргендері керек, - деп жазды ол Instagram-да.

Грета Солтүстік кеңес «әдемі сөздерді көп айтады», алайда экологиялық дағдарысты еңсеру жөніндегі нақты істер туралы сөз болғанда – «бұл мүлдем басқа әңгіме» дейді. Сонымен қатар, ол сыйлық беру оған үлкен құрмет екенін атап өтті.

Солтүстік кеңестің сыйлығы жыл сайын «қоршаған ортаға құрмет қағидаттарын іске асырудағы қосқан үлесі үшін»  беріледі.