Weekend
Ақтөбе облысы
Менің туған жерім - кішкентай болса да мен үшін аса қымбат Қандыағаш қаласы. Дәл осы мекенде менің көңілді де шаттыққа толы, уайымсыз да бейкүнә балалық шағым өтіп жатыр. Қаламыздың тарихи атауы Қандыағаш атты ағашпен байланысты екен.
Ел аузындағы деректерге сүйенсек, Кіші жіздің тама руынан шыққан батыр, қазатың перзенті Есет Көкіұлы арғындарды арашалауда Жәнібек батырға көмек беру үшін Орта жүз жеріне аттанады. Табын Бөгенбай батыр да арғындарға кетеді. Осы оңтайлы сәтті пайдаланған қалмақтар Кіші жүз қазақтары мекендеген ну орманды іздеп келіп, күтпеген жерден шабуыл жасайды. Осы жерде қалмақтар қазақтарды қойға тиген қасқырдай қырып жойып, қыз келіншектерді айдауға алып кетеді. Сол себепті бейкүнә халықтың қаны тамған аналардың көз жасы төгілген талай қазақ батырының басы кесілген жерді "Қандыағаш" деп атап кеткен деседі.
Менің Қандыағашым - тоғыз жолдың торабы, талай елдің қажетін өтеп тұрған теміржол бекеті. Қандыағаш қаласы өткенмен салыстырғанда күннен-күнге дамып, өсіп өркендеуде.
Сондай-ақ еліміздің намысын қорғап,әлемге танытып жүрген азаматтарымызда бар. 2012 жылы Бразилия елінде жастар арасында өткен чемпионатта әлем чемпионы атанған Қойшыбаев Еламан және әуесқой бокстан әлем чемпионы Галиб Жафаров сынды чемпиондар шыққан.
Мен алға ұмтылған жас түлек- болашақ үлкен мамандық иесі, өмір атты керуеннің бір жолаушысы. Қалаған мамандығымның соңына түсіп өмір-керуен қайда жетелесе сонда жол тартпақпын. "Сенде бір кірпіш дүниеге,кетігін тап-та бар қалан" деп ұлы Абай айткандай өмірден өз орнынды табу парыз. Дегенмен "Туған жерімді тастап кете барамын" деген ойдың өзі, менің құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түсіп,жүрегімді тебірентеді.
"Бөтен жердің гүлінен,туған жердің тікені артық", "Ел елдің бәрі жақсы ,өз елің бәрінен жақсы" деп әркімге туған жері, туған елі қымбат. Әр адам туған жерің қастерлеп, оның тыныс-тіршілігін, мәдениетін, тарихын, тіпті, экономикалық хал-ахуалын тілге тиек етіп туған жердің болашағын бәрінен биік қоюы керек.
Аманжолова Аружан Ғалымжанқызы
Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласы,
№ 1 жалпы білім беретін орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Ғылыми - жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы