Саясат

«WhatsApp салығы» үкіметтің отставкаға кетуіне себеп болды

Халық президенттің отставкасын талап етуде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ливан премьер-министрі Саад Харири билік пен элитаға наразылық білдірілген кезінде отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Al Arabiya хабарлайды.

- Халық 13 күн бойы елдегі жағдайдың нашарлауын тоқтату үшін саяси шешім күтті, - деді саясаткер хабарламасында.

Хариридің сөзіне қарағанда, ол коалициялық үкіметпен бірге жағдайдан шығудың жолын іздеуге тырысқанымен, еш нәтиже шықпаған. 

Саясаткер биліктің міндеті –  елді және оның экономикасын қорғау екендігін айтады. Ол президент Мишель Аунға отставкаға кету туралы өтінішін жіберетінін атап өтті. 

Al Arabiya премьер-министрдің бұл мәлімдемесінен кейін демонстранттар Бейруттың орталығына жиналып, президенттің отставкасын талап ете бастағандығын мәлімдеді.

Ливанда үкіметке қарсы митингі екі аптаға жуық - 17 қазаннан бастап жалғасуда. Жаңа салықтарға байланысты, соның ішінде темекі өнімдері мен интернет арқылы сөйлесуге арналған қосымшаларға салық енгізу туралы шешім аясында адамдар көшелерге шықты.

Осыдан кейін «WhatsApp жинағы» тоқтатылды, бірақ наразылық нарықтық жағдайдың нашарлауына және ұлттық валютаның әлсіреуіне байланысты жалғасуда.