Экономика

Азиядағы порттар кибершабуылдан 110 млрд доллар жоғалтуы мүмкін

Сақтандырушылар мәлімдемесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

30 қазан күні Лондонда баяндама жасаған «Lloyd» сақтандыру компаниясы Азиядағы порттардың кибершабуылға қарсы жүйесінің нашар екендігін айтты. Егер хакерлер шабуылға көшетін болса, порт иелері 110 млрд доллар жоғалтуы мүмкін, деп хабарлайды Reuters ақпарат агенттігі.

Сақтандыру компаниясы Жапония, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея және Қытайдағы порттардың кибершабуылға қарсы жүйесі нашар. Барлығы – 15 порт.

Жалпы, әлемдегі ең белсенді 10 порттың тоғызы Азияда орналасқан. Онда өнеркәсіп тауарлары, киім-кешек пен электроника заттары сақталады.

Егер қоймадағы заттардың сақтандыру тарифтері толық жасалмаса, онда олар экономикалық шығынға батуы мүмкін.