Weekend
Климаттық зерттеулер көрсетті
Үндістанның Мумбай, Қытайдың Шанхай және Тайландтың Бангкок қаласы сынды жағалаудағы қалалары 30 жылдың ішінде су астына қалуы мүмкін, деп хабарлайды "Әл-Жазира" ақпараттық сайты.
Климаттың жылынуынан мұхит пен теңізді су көбейіп, 300 млн адам тұратын жағалауды алып тасқын шайып кетуі мүмкін.
Егер планетамызда өсіп келе жатқан парник газдың қалдықтары жойылмаса, онда бұл көрсеткіш артып 2100-шы жылға қарай зардап шегетін адамадар саны 630 миллионға дейін көбеюі мүмкін деп жазады басылым.
Зерттеулерге сәйкес, теңіз суының көтерілу қаупінен зардап шегетін шамамен 237 млн. адам Азияда өмір сүреді делінген.
- Бұл зерттеулер климаттың өзгеруі біздің өміріміздегі қалаларды, экономиканы, жағалау сызықтарын және бүкіл жаһандық аймақтарды өзгерте алатындығын көрсетеді, - дейді аталмыш зерттеудің авторы Скотт Кулп.