Weekend
Гуманитарияға грант аз
Қазіргі таңда 10-11 сынып оқушылар арасында мамандық таңдау, өз болашағын болжап, келешегіне көз жүгірту қиындап, тіпті, көп деген оқушылар жолдарын жаңылып жатыр. Ертеңіне елеусіз қарап, бүгінгі күнінде күліп, ойнап, секіруге мәз болып, бала шағымен қоштаса алмай, болашақтарының бұлыңғыр екенін білмейде қалып жатыр.
Мамандық таңдау дегеніміз-өз болашағыңды өзің қолға алып, қазірден келер күнге әзір болып, нақты бір шешімге келіп, ертеңгі күнін ойлап, ересектікпен табысып, армандай отырып, сол арманға жету жолында, мақсат қойып, қоғамда өз рольіңді айқындап,жүрек қалаған маман иесі атану және де сол жолда келген сынаққа сынбау, жеңілмеу.
Қазіргі ақшаға байланған заманда жастар жағының басым бөлігі грант үшін күресу үстінде. Мемлекетімізде физика, химия, биология, таңдаған жастарға грант мүмкіншіліктері көп, ал гуманитария мамандықтарына аз. Мәселең ҰБТ-дан 60 балл арқылы физика таңдағандар түлек грантқа түсуде. Елімізде оқушылардың 70 пайызға жуығы физика биология дегендерді таңдайды және ол анық ақиқат.
Бірақ ол өз қалаулары емес. Сол себепті көптеген жастар жолынан жаңылып, өз қалуымен оқуға түспей, грант үшін ғана оқып жүргендер қаншама?! Бұлда бір мемлекеттің шешімін күтіп тұрған мәселе екені даусыз. Бәлкім осыдан болар елімізде физика,химия дегендердің дамымай жатқаны. Сондықтан оқушы болашаққа көзін ашып қараған жөн. Менде сол қате көзқарастың құрбаны болғандай күй кешкен жанмын. Алайда дер кезінде өз-өзімді жөнге келтіре алдым.
Осы уақытқа дейін, яғни, 11 сыныпқа дейін химия, биология таңдаймын деген оймен жүрдім, әрине ол маған ұнамады десек те ата-анама жақты және грантты көп болды. Бірақ өз таңдауым журналистика болғасын, нақты шешімім осы мамандық болды. Бұл жолды таңдау арқылы,білікті де білімді журналист, елім деп жүрер ерлердің бірі болсам арманым да, мақсатым да толыққанды орындалатына сендім.
Міржақып Дулатов оята алмай кеткен қазақты экран алдында немесе тіпті экран сыртында да, көзін ашуға титтей де болсын үлесімді қоссам деймін.Кешегі Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтардың,қазіргі Нартай Аралбайұлының іздерін басып, қазірден болашақққа батыл қадам жасау ізгі мақсатым. Сондықтан биыл мектеп бітіріп,үлкен өмірге қадам басатын замандастарым, дәл бүгін, дәл қазір өзің үшін дұрыс таңдау жаса. Кейіннен сол таңдауы өкініп қалма. Мен сендердің әрқайсысының дұрыс таңдау жасап, армандарыңа жетулеріңе шын жүректен тілектеспін.
Бақберген Ернұр
Ақтөбе облысы, Қандығаш қаласы, 1 орта мектебінің 11 сынып оқушысы
Ғылыми-жетекшісі: Жидегүл Әбдіжәділқызы