Саясат
Түрік президенті ашулы
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіздік аймағын кеңейте алатынын мәлімдеді. Бұл туралы NTV түрік арнасы хабарлайды.
- Біз сырттан жасалған шабуылға қарсылық танытудамыз және қауіпсіз аймақты кеңейтуге тырысамыз,- деді түрік президенті.
Ердоған Осман империясындағы армяндардың геноцидін АҚШ-тың мойындауына байланысты, 13 қараша күнгі сол елге сапары туралы нақты шешім қабылдамағанын айтты.