Саясат
Бір әскер болады
"Сирияның демократиялық күштері" құрамындағы күрд құрылымдарының өкілдері сирия әскерінің құрамына кіруі мүмкін. Бұл туралы Al-Akhbar газеті Үкіметтегі дереккөздерге сілтеме жасап жазады.
Сириялық билік "халықтық өзін-өзі қорғау отрядтары" мен полиция жасақтарын ел армиясы мен күш құрылымдарының құрамына қосқысы келеді.
Бұдан басқа, бұрын "Сирияның демократиялық күштері" бақылауындағы аймақтарда мемлекеттік мекемелердің қызметін жандандырып, құрамына автономды күрд әкімшілігінің қызметшілерін кіргізбекші.