Экономика
Бизнес жүргізудің жолдары
Arman Holding КТ халықаралық холдингінің негізін қалаушы, танымал кәсіпкер Серікбай Бисекеевтің «Бәрі де өз қолыңда» кітабынан алынған үздік 10 кеңесті назарларыңызға ұсынамыз.
1. Әрқашанда әр істің үздігін алыңыз. Үздік адамдармен араласыңыз. Жаңа білімдер,жаңа байланыстар және жаңа мүмкіндіктерге ашық болыңыздар.
2. Нарықтан дер кезінде шыға білу де өнер.
3. Табысты адамдар ғана әрдайым жаттығуға уақыт табады.
4. Стив Джобс: «Ақылды адамды жұмысқа алып,оған не істеу керектігін нұсқаудың мәні жоқ. Біз адамдарды не істеу керектігін олар айтуы үшін жұмысқа аламыз»
5. Өз жартыңызды іздегенде бүкіл қиындықтарды бірге еңсере алатын адамды таңдаңыз. Қасыңызда жаныңызды түсінер жақын адам болмаса,алға қарай қадам басу,айқын жоспарлар құру қиын. Бір-бірлеріңізді жаңа жетістіктерге ұмтылуға қанаттандырасыздар. Жұмыстағы секілді жеке өміріңізде де өз құшарлықтарыңыз бен арманыңызды таба білу өте маңызды.
6. Маған адамның бес немесе он жылдан кейін өзін қалай елестететіні қызық.
7. Өзіңе қалай алғыс айтасың? Мақсатқа жеткен кезіңде өзіңе қандай сый жасайтыныңды жоспарлауың керек.
8. Лао Цзы: «Мың шақырымдық сапарға апаратын жол, бір кішкентай қадамнан басталады»
9. Өмірде бәрі кездеседі, сондықтан сіз болжамаған жайтқа тап болсаңыз және не істеріңізді білмесеңіз, ондай қиналысты іште сақтамаңыз, оны тәжірибесі бар адамдарға жүгіну арқылы шешу жолдарын іздеңіз.
10. Басқалар ұйықтап жатқанда, жұмыс істеңіз, өзгелер күмәнданып жүргенде іске кірісіңіз.