Weekend
Ғашықтық өлең
Сағым боп келме алтыным,
Сағына беруден қажыдым.
Сарғайтып мені сабылтпа,
Сабылған күндер қаншама,
Зарыққан түндер қаншама.
Кеудеме менің сыйласаң, сыйла нұрыңды,
Кешігіп келме, өшірме енді отыңды.
Келеңсіз кеште көрінбе маған көрікті,
Көркіңді сенің байқаған жандар жеріпті.
Жаралай берме сезімімді тілгілеп,
Қаншама сұлу жарасын салды үңгілеп.
Кешіре беруден,
Өшіре білуден жалықтым.
Дерті бар жүрек,
Дертсізге қалай жолықсын.
Одан да мәңгі торықсын,
Торықсын.