Қазақша сөйле, бауырым!

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кел, бауырым тек қазақша сөйлейік,

Мәртебесін асқақтатып көрейік.

Сен сөйлесең, мен сөйлесем әріге

Тіл өрісі қалар еді-ау  кеңейіп.

 

Сөйле таза өз тіліңде достарым,

Ашық болсын десең егер аспаның.

«Үйрен дағы жирен» деген қазағым,

Білсең жетер, таста тілін басқаның.

 

Өзге ұлтқа да сөйле қазақ тіліңде,

Түсінбесе, түсіндіріп бүлінбе.

Құлдық сана кетпейінше бойдағы,

Қазақ тілі өркендемес елімде.

 

Қазақша аш қызметіңнін есігін,

Қазақша бас құрылғыңын тетігін.

Өз елінде өз тіліміз өгейме?

Қазақша қой итіңніңде есімін.

Камшат Абылгазиновна


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61