Саясат

Тоқаев Корея Республикасының президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Корея президенті Мун Чже Инге көңіл айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы Корея Республикасының президенті Мун Чже Инге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Мун Чже Иннің анасы Каң Хан Ок ханымның қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Ардақты анаңыз Каң Хан Ок ханымның дүниеден озғаны туралы суыт хабарға орай, Сізге және жақындарыңызға көңіл айтып, орны толмас қайғыңызға ортақтасамын. Каң Хан Ок ханымның жарқын бейнесі мен ізгілікті істері туған-туыстарының, сондай-ақ көптеген отандастарының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін", – делінген жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірде Корея Республикасының басшысы Қазақстанға сапармен келген болатын. Ақордада екі ел басшылары келіссөздер өткізді. Кездесу аясында қос елдің өкілдері жаңа технологиялар, инфрақұрылым, логистика, өнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларын қамтитын "Таза жел" жаңартылған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Қазан айында Қазақстан президенті Сеулге сапармен келуге шақырту алғаны белгілі болды.