Саясат

Сарапшы: Тоқаев қазіргі жүйені өзгерткісі келеді, бірақ бұл Назарбаевқа жақпайды

Тоқаевқа саяси реформа жасауға мүмкіндік болмай тұр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кейбір халықаралық, отандық басылымдар Қазақстанда «қос билік орнады», Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 184-ші қаулыны қабылдау арқылы Тоқаевтың күшін әлсіретіп, Назарбаев пен Тоқаев арасындағы билік үшін күреске жол ашуы мүмкін дегенді жиі айтып кетті. 

Осыған байланысты пікір білдірген Адам құқықтары жөніндегі қазақстандық бюроның жетекшісі Евгений Жовтис Назарбаев пен Тоқаевтың арасында бетпе-бет, тікелей қарама-қайшылықтың жоқтығын, алайда Тоқаевтың бастамалары Назарбаевқа ұнамағандықтан, оның беделін шектеуге тырысып отырғанын айтады.

- Бұл екі саясаткер арасындағы күрес деп ойламаймын. Мұнда бағыттар арасындағы қайшылық байқалады. Өйткені Тоқаев елдегі экономикалық, әлеуметтік, әсіресе, саяси жағдайға оң әсер еткісі келсе, мұны саяси реформаларсыз жасай алмайды. Ол үшін күш құрылымдары мен сот жүйесіне өзгерістер енгізу керек. Ал ол үшін Тоқаевқа кең саяси дәліз керек, - дейді құқықтанушы.

Ал бірінші президент мұндай кең саяси дәліз беруге қауіптенеді. Өйткені өзі мен айналасындағылардың өміріне қауіп төнеді деп ойлайды. Сондықтан ол үнемі осы саяси дәлізді кадрлық тағайындаулар, тағы да басқа жолдармен бақылайтын болады. Қазақстанның саяси жүйесіндегі осы күрделі құрылым екі бағыт арасындағы кикілжіңді көрсетеді.

- Бұл Тоқаевтың Назарбаевпен билік үшін таласқа түсу, кикілжіңге келу ниеті болмағанына қарамастан, байқалып отыр. Бірақ ол өзінің алдына қойылған мәселелерді шешкісі келсе, оған кең саяси дәліз керек. Ал бірінші президент бұл дәлізді барынша тарылтуға тырысады. Біздің саяси процестің алдында үнемі осы дилемма тұрады, - дейді Жовтис.

Ал Қазақстанда ондаған мұндай «қос биліктің» әлемде қандай бір ұқсас жүйесі бар ма?» деген сауалға Евгений Жовтис бұл жүйенің аздап Иранға және бұрынғы Қытайдың басшысы Дэн Сяопиннің билік құрылымына аздап ұқсайды дегенді айтады.

- Иранға аздап ұқсайды. Бірақ бізде мемлекет діни жолмен басқарылмайды, - дейді құқықтанушы.

Азаттық