Экономика

АҚШ соты: Ағылшындар Қазақстан шенеуніктеріне пара бергенін мойындады

Кен орындарымен "келісу" үшін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Танымал Unaoil мұнай компаниясының негізін қалаған ағайынды Сайрус пен Саман Ахсанилер мұнай кен орындарын алу үшін қазақстандық шенеуніктерге пара бергенін мойындады. Мұны Reuters агенттігі хабарлап отыр.

АҚШ-тың Әділет министрлігінің хабарлауынша, Ұлыбритания елінің азаматтары, тегі парсы Сирус пен інісі Саман Ахсани 1999-2016 жылдар аралығында мұнай мен газ келісімшарттарын жасау үшін бірнеше мемлекеттің шенеуніктеріне пара бергенін мойындаған. Пара алған шенеуніктердің ішінде Қазақстандікілер де бар. Жалпы, поскеңестік елдері ішінде Қазақстанмен қатар Әзірбайжан шенеуніктері де пара алған болып отыр. Қалғандары Африка мен Таяу Шығыс елдері.

Пара берумен айналасып, мұнай компаниясына түскен табысты жымқырып отырғаны үшін АҚШ соты ағайынды Ахсанилерді 2020 жылдың 20 сәуірінде соттайтын болады. Ал ағайындылардың өзі осы жылдың наурызында сот алдында кінәсін мойындаған.

Ал аталмыш мұнай компаниясының өзі 1991 жылы негізі қаланған. Қазір Монакода тіркелген.