Саясат
Киевте жасалған мәлімдеме
Ресей өзінің іс-әрекеттерін өзгертпейінше, НАТО онымен "іс жүргізу" мүмкіндігін көрмейді. Бұл туралы Киевтегі НАТО-Украина комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша мәлімдемеде айтылған.
Альянс қалыпты жұмыс үшін халықаралық құқық пен міндеттемелерді сақтауға алып келетін "Ресейдің іс-қимылындағы сындарлы өзгерістер" қажет екенін атап өтті.
НАТО Қырымның Ресейге қосылуын айыптады.
- Біз Ресейді Қырымды Украинаға қайтаруға шақырамыз, - делінген құжатта.