Саясат
Операция әлі аяқталған жоқ...
Түркия президенті 30 қазанда түрік әскерлерінің Сирияның солтүстігіндегі операциясы шекара бойындағы террор дәліздерін бұзып, террористік мемлекетінің (YPG / PKK) құрылуын тоқтату үшін жасалғанын айтты, деп хабарлайды Түркияның "Hurriyet Daily News" ақпараттық сайты.
Ердоған ел астанасы Анкарада өткен жиналыста:
- Ішкі және сыртқы жұмыстар аяқталған жоқ. Біздің «Бейбітшілік көктемі» акциясын бастауымыздың бірден-бір себебі - осы дәлізді және террористік мемлекет орнатқысы келгендерді жою, - деді ол.
Ол тағы да:
- Соңғы лаңкес өлгенге дейін операцияны тоқтатпаймыз. Қорқыту да, бопсалау да, қулық ойындар да бізді тоқтата алмайды. Бұл операция бүкіл әлемге Түркияның ерік-жігерін, әлеуетін және ұстанымын көрсетеді, - деп толықтырды ол.