Саясат

Синдзо Абэ: жапон халқынан бас иіп, кешірім сұраймын!

Министр үшін кешірім сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жапония басшысы Синдзо Абэ әділет министрі болған Кацуюки Каваидің заң бұзушылық фактілері бойынша өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты халқынан кешірім сұрады. 

31 қазан күні журналистермен болған кездесу барысында ол жапон халқының сенімін ақтамаған үкімет жасақталғанына өкініп, кешірім сұрады. 

Естеріңізде болса, әділет министрі Каваи депутат әйелінің заң бұзғаны үшін қызметінен бас тартқан болатын. Бұл Абэ үкіметіндегі алғашқы жайт емес. Осыдан екі ай бұрын осындай оқиға орын алып, экономика министрі қызметінен кеткен еді.