Bugin

Алматыда қыз алып қашқан 3 азамат сотталды

Күдіктілер кінәсін мойындап отыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Кәмелет жасына толмаған қызды алып қашпақ болған алматылық үш азамат сотталды. Бұл туралы Алматы қалалық соты хабарлады.

- Сот С., В. және Ю. атты үш азамат түнде Б. есімді жәберленушінің үйіне барған. Жәбірленуші бұл уақытта жиенімен сыртта серуендеп жүрген еді. Біршама уақыт өткенде С., Б-ның артынан келіп ауызын бүркеп, достарының көмегімен автокөлікке күштеп мінгізген. Қалаға бара жатқанда қыз қашып құтылған, - делінген хабарламада.

Сот отырысында С. қызды кафеде көргеннен бері біраз уақыт бақылап жүргенін мойындады. Алғаш көргеннен оны әлеуметтік желіде тауып алып, хат жазып тұрған, бірақ қыздан ешқандай жауап болмаған. С. қызбен үйлену үшін алып қашқанын айтты.

Айыпталушылар кінәсін мойындап, бұл істеріне өкінетіндерін жеткізді. Кәмелетке толмаған жәбірленуші қыз айыпталушыларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Айыпталушы азаматтар Қылмыстық кодекстің 125-бабы, 2 бөлімнің 1 және 5 пункттері бойынша айыпты деп танылды. Үкім әлі күшіне енген жоқ.