Саясат
Трамп мәлімдеме жасады
АҚШ президенті Дональд Трамп пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің сауда келісімінің бірінші бөлігіне қол қойылатын кездесу орны жақын арада жарияланады. Бұл туралы Ақ үй басшысы Twitter-де айтты.
Оның айтуынша, бірінші кездесу барысында тараптар мәміленің 60 пайызын қамтитын келісімге қол қояды. Жаңа орынды Тынық мұхиты елдерінің экономикалық саммиті бұзылғаннан кейін іздеуге тура келді.
Трамп және Си Цзипьпин 16-17 қарашада Чилиде келісімшарт жасаспақ болған. Бірақ Оңтүстік Америка елінің президенті Себастьян Пиньера елдегі жаппай тәртіпсіздікке байланысты, саммит болмайтынын хабарлады.