Woman

Онлайн жұмыс

Жұмыс - үйде

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінде «өз кәсібім болса» деп армандайтын жастардың қарасы көп. Олардың бірі несие алып кәсібі дөңгеленіп жаста, бірі алған несиеге автокөлік, техникалық жабдық алып несиесін жаба алмай жүр. 

Алайда несиесіз өз кәсібін ғаламтордың ғаламат пайдасын көріп отырған Отандық кәсіпкер қыз-келіншектер қаншама. Солардың бірі - оралдық Тулеубаева Арайлым. Орал қаласында ғы балабақшалардың бірінде қарапайым тәрбиеші болып қызмет етіп жүрген Арайлым бұл кәсіпке туыс әпкесінің арқасында келіпті. 

Әпкесінің жетістіктерін көрген Арайлым ойланбастан бұл жұмысқа білек сыбана кірісіп, небәрі 1 жыл көлемінде ашық сатыдағы директор атанып, заңды түрде Қазақстандық кәсіпкер ретінде тіркеліпте үлгеріпті. Бұл әлемге танымал жарты ғасырдан астам желілік маркетингте тәжірибесі бар шведтік өнімдерді шығаратын косметика компаниясы екен. 

Ал Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс жасап жатқан компанияда жетістікке жеткен қыз-келіншектердің қарасы көп көрінеді. 

- Бар-жоғы ұялы телефонның  көмегімен жұмыс жасаймыз. Ешқашан бұл компанияда жұмыс жасағаныма ұялған емеспін, керісінше таныстарыма онлайн түрде жұмыс ұсынуға жалыққан емеспін. Кезінде «Ой, ол ма» дегендердің өздері қазір менің жетістіктерімді көріп, командама тіркеліп жатыр. Ал компанияға келер болсақ, жылына 2 рет шетелге саяхат, 21 күн сайын жалақы, премия мен бонустар, сыйлықтар береді. Бұл жерде оңай ақша жоқ, үйде отырып жұмыс жасағанмен таза еңбекпен келеді дейді, - болашақ ана. 

Бүгінде Арайлым ашық сатыдағы директор қызметі үшін 153 мың теңге,ал декреттік жалақысы 1млн 360 мыңнан асыпты. Менің еңбегімді бағалаған компанияға алғысым шексіз, қазір көп адамға бұл жұмысты ұсынсаң, бизнес ретінде дұрыс түсінбейді. 

- Ал кей адамдар жалқау, оңай ақша тапқысы келеді, кейбірі немқұрайлылық танытады. Ал адамның ең басты капиталы - уақыт пен еңбек екенін білгені жөн, - Арайлым.