Bugin
Көбі 60-70 жастағылар
Қоғамда парламентте отырған депутаттар мен ел тізгінін ұстап отырған шен-шекпенділердің көбі егде жастағы, қарттар, қариялар, «шалдар» деген түсінік сіңіп қалған. Осыған көз жеткізу үшін шағын зерттеу жасап көрген блогер Шолпан Байшағырова халық қалаулыларының орташа жасы 58 деп есептеп шыққан екен.
Депутаттардың арасында ең «кәрісі» Владислав Косарев екен, ол 82 жаста. Ең жасы – Геннадий Шиповских, ол 30 жаста. Бұрын депутаттардың ішінде 25 жастағы Тәңірберген Бердіоңғаров ең жас депутат атанған еді.
Парламентте отырған 71 ер депутаттың 61-і 60 жастан асқандар болса, 45 жасқа жетпегендері - 11 ғана.
Қазіргі уақытта әйелдер арасында ең егде депутат Гүлжан Қарақұсова (69 жаста) болса, ең жас депутат Әлия Сапарова (35 жаста) болып отыр.
80+ жас – 1 адам 0,7%
70-74 жас – 4 адам 2,7%
65-69 жас – 21 адам 14,3%
60-64 жас – 34 адам 23,1%
55-59 жас – 44 адам 29,9%
50-54 жас – 21 адам 14,3%
45-49 жас – 11 адам 7,5%
40-44 жас – 4 адам 2,7%
35-39 жас – 6 адам 4,1%
30-34 жас – 1 адам 0,7%
Яғни, 55 депутаттың жасы 60 пен 70 жастың аралығы болса, 65 депутаттың жасы 50 мен 60 жастың аралығы болған.