Саясат
Түріктермен бірлесіп патрульдік қызмет атқарады
Ресейдің 300-ге жуық әскері мен 20 жаңа бронды техника Сирияның солтүстігіне қосымша орналастырылды, мұнда әскери полиция қызметкерлері түрік тарапымен бірге шекаралас жерлерді патрульдейді, деп хабарлайды РИА Новости.
Күн сайын Ресей полициясы кемінде он елді мекенді аралайтын болады. Қазір әскери полиция бірлескен патрульдік маршруттарды әзірлеуді жалғастыруда.
Кездесу өтетін жерде Ресейлік «Тигр» бронды машинасы түрік колоннасын қарсы алады, содан кейін маршрут бойынша қозғалыс басталады.
Бес сағат ішінде, шамамен, 150 шақырым жүрулері керек.
Өткен аптада Ресей мен Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Ердоған алты сағаттық келіссөз өткізіп, кейін он тармақтан тұратын түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Яғни, Ресей әскери полициясы мен Сирия шекара қызметі бөлімшелерінің «Бейбітшілік көзі» операциясына көмектесуге бірікті.