Woman
Өлең
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comКөздің жасы - сағыныштан тамшылар,
Көз жасында не қуаныш, қайғы бар.
Жан дүниеміз толған кезде шегіне,
Қарашықтан көз жасы боп ағылар.
Көздің жасы қасіреттен арылтар,
Ол тәуелсіз тек жүрекке бағынар.
Мұң жамылып жүрген болсаң айтайын,
Жамылғыңды көз жасыңа малып ал.
Көз жасы – ауыр, тіпті кермек дәмі бар,
Көз жасына қалма дейді шері бар.
Бүткіл әлем сиған екі жанардан
Шыққан жаста шыныменен кие бар!
Камшат Абылгазиновна
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61