Саясат
Саммиттен соң
Қытай мен АҚШ осы келісімге қол қою үшін жаңа орын іздестіріп жатыр.
- Чилидегі Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммитінің күші жойылғаннан кейін, Қытай мен АҚШ сауда келісімінің бірінші бөлігіне қол қою үшін жаңа платформа іздеуде, - деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
Америка Құрама Штаттары мен Қытай жалпы келісімнің 60%-ын құрайтын сауда келісімінің бірінші бөлігіне қол қоюға дайындалып жатқандығы туралы 31 қазанда Twitter-де АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
Трамп бұл құжатқа Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге қол қоятындығын айтты.