Weekend
«Балалар Евровидениесі – 2018»: Қазақстанның намысын кім қорғайды?
2018 жылдың 25 қарашасында Белоруссияның Минск қаласы, Минск-Аренасында «Балалар Евровидениесі – 2018» халықаралық байқауы өтеді.
Байқауға ат басын тіреген елдің ішінде Қазақстан да бар. Барлығы 20 мемлекет келетін ән байқауына 9-14 жас аралығындағы жас жеткіншектер қатыса алады.
Елімізде өткен іріктеу байқауларына барлығы 200-ге тарта әнші балалар қатысқан. Олардың ішінен оқ бойы озып шыққан он жүлдегер, өзара бақ сынасады. Тек 1 баланы ғана таңдап, бүкіл еліп болып оның артынан тақым қысып отыратын боламыз. Ал әнші балапанды таңдау 22- қыркүйек күні еліміздің мәдениет ошағы болған Алматы қаласы, «Халық аренасында» өтеді. Тікелей эфирді «Хабар» арнасы тарататын болады.
Қыркүйектің 18 күні аталған он әншімен еліміздегі белгілі журналистер және блогерлер кездесу жасады. Басты мақсат жұлдыздары ерте жанған балаларды халыққа таныту және олардың қолдауға шақыру болды. Bugin.kz сайтының ұжымы да осы шарада болып қайтты.
Айта кету керек, жас таланттардың ішінде өзінің ерекше дауысымен көзге түсіп, «Голос. Діти» жобасын жеңіп алған Данэлия Тулешова да бар.
Ақтық сында топ жаратын ондықпен таныс болыңыз:
Ержан Максим. 11 жас. Орал қаласы.
«Бегущая по волнам» Гран-при (Мәскеу қаласы. 2015 жыл)
Зере Әмірбекова. 13 жас. Алматы қаласы.
Израилде өткен халықаралық «Жерорта теңізі -2018» ән фестивалінде ІІІ орын.
Мейіржан Жидебай. 12 жас. Ақтөбе қаласы.
Халықаралық «Алаш үміті» ән байқауы Бас жүлде.
Мария Затварницкая. 13 жас. Павлодар қаласы.
Халықаралық «Melos» байқауы. І орын (Италия 2015)
Жанеля Қалдыбек. 12 жас. Астана қаласы.
«Болгария трикси» халықаралық фестивалі, І орын және ұлттық әуенде ең үздік ән салған номинациясының иегері.
Динар Нәдірбекова. 13 жас. Семей қаласы.
«Paradise Holiday» ІІІ орын (Греция)
Асуат Санат. 13 жас. Атырау қаласы.
Халықаралық балалар музыка байқауы «Звездички» Бас жүлде (Македония 2017)
Бинұр Саудабай. 11 жас. Астана қаласы.
«Kids Karaoke Cup – 2018» байқауының финалисті.
Данэлия Тулешова. 12 жас. Алматы қаласы.
«Голос. Діти» жобасының жеңімпазы.
Сүйкім Қабылбек. 12 жас. Астана қаласы.
«Евразия жұлдызы» байқауы І орын.
Кездесу кезінде қойылған сұрақтарға жауап берген балалардың ішінде Димаш Құдайбергенді үлгі тұтатындары көп болды. Бұл қуантарлық жағдай. Тіпті әлемдік деңгейге шығып, «Beyonce продюсерім болса екен» деп үміт артып отырғандары да бар.
Жас жеткіншектерге, елдің болашақ жұлдыздарына Bugin.kz ұжымы сәттілік тілейді!