Адам боп туу анадан...

Адам боп қалу өзіңнен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Өмір сүрші алаңсыз,

Қайтып келмес бұл уақыт,

Ғұмырың ақ (қарасыз)

Сабыр өзі - бір бақыт. 

Жаратқанның жіберген елшілігімен жаралған сан миллиондаған пенделердің бірегейіміз. Мен айтпасам да, кітаптан оқымасақ та барлығымызға айқын дүние-өмірдің жалғандығы. 

Әне дейміз, міне дейміз, пендешілікке салынып ғұмырымыз бір сарында өтіп жатыр. Кететінімізді білеміз, жанымыз қысылғанда ғана Алладан көмек сұраймыз, қиындыққа душар болғанда кешірімділікке зәру боламыз... Мәңгілік өмір сүрмейтінімізді біле тұра, уақыттың қадірін түсінбейміз. 

"Бүгін бар ертең жоқ" дегеннен қорқамыз, алайда әрекет етпейміз. Қаншама миллиардтаған адам дәл осы қателіктерді жіберуде, оны түзететін себеп болса да, өзгеруге құлқы жоқ адамдар көп. Себебі санамыздың сараңдығы, жалқаулықтың жалауын іліп, еріншектіктің еміне ілесіп әйтеуір өмір зымырап өтіп жатыр. 

Байлықтың бабын таба алмай, құмына құнығып жүргендер қаншама? Бірақ екі метр ақ кебінге оранар сәтке келгенде жиғаныңның барлығы бекерге кетпек. Сұралатыны - сенің байлығың емес, жан дүниеңдегі барың. Бай болғың келсе екі дүниенің де байлығына бөлен. Жалғандікі - ақша болса, аспандікі Иман. Кім жаратқанын, кім жанды аларын ұмытпайық.