Саясат
Ресми мәлімдеме
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Ресей Қытаймен әскери одақ құрмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
- Егер одақ дегеннің астарында әскери одақтастықты түсінетін болсақ, Ресей де, Қытай да әскери одақты құруды жоспарлап отырған жоқ, - деді сыртқы саяси ведомство басшысы.
Сонымен қатар, ол мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастар көптеген салаларда өте жоғары деңгейде екенін атап өтті.
3 қазанда Ресей Қытайға зымыран шабуылы туралы ескерту жүйесін жасауға көмектесетіні белгілі болды. Мұндай жүйе Ресей мен АҚШ-та ғана бар. Ресей президенті Владимир Путин атап өткендей, бұл қадам Қытайдың қорғаныс қабілетін түбегейлі арттырады.