Саясат
Ғабит Қойшыбаев жаңа қызметке тағайындалды
Ғабит Бейбітұлы Қойшыбаев 1972 жылғы 12 наурызда Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін (1994 ж.), ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын (1999 ж.) тәмамдаған.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, ол еңбек жолын 1994 жылы ҚР СІМ Орталық аппаратында бастап, сол жылы Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметіне іссапарға жолданды.
1999-2007 жылдар аралығында Қазақстанның Үрімжі қаласындағы (ҚХР) Паспорттық-визалық қызметінде, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінде түрлі дипломатиялық лауазымдарда жұмыста болды. 2007-2009 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка елдері департаментінде бірқатар жауапты лауазымдарда қызмет атқарды.
2009-2011 жылдары Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып, 2011-2014 жылдары Қазақстанның Шанхай қаласындағы (ҚХР) Бас консулы лауазымында қызмет атқарды. 2014-2016 жылдары ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары, Жалпыазиялық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары қызметтерінде болды. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшісі лауазымына тағайындалғанға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарып келді. ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Қытай және ағылшын тілдерін меңгерген.