Саясат

Ливан соты теракт жасаған сегіз адамды өлім жазасына кесті

Ливандағы теракт жайында не білеміз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бейруттың басты соты сегіз террористті 2013 жылы Триполидегі терактіде 47 адамды өлтіріп, 500 бейбіт тұрғынды жарақаттады деген айыппен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Ливанның ұлттық NNA ақпарат агенттігі.

Бұл лаңкесттер 2013 жылы Ливанның солтүстік астанасы Триполи қаласындағы Әл-Тақуа және Салам мешіттерін жарып жіберген еді. Мешіттің ішіндегі де, маңайдағы үйлер мен дүкендегі адамдар да зардап шекті. 

Жұма күні Таулы Ливанның қылмыстық соты Uber Такси жүргізушісіне Ұлыбритания елшілігінің қызметкерін 2017 жылдың желтоқсан айында зорлағаны және өлтіргені үшін өлім жазасы шығарғаны белгілі болды.

Ливанда соңғы өлім үкімі 2004 жылы қабылданды.