Саясат
Латвия Григорий Лепс persona non grata деп жариялады
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЛатвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич ресейлік әнші Григорий Лепсті елге кіруге тыйым салынған адамдар тізіміне енгізді.
- Қауіпсіздік қызметтері мен көші-қон туралы заңға сүйене отырып, мен Ресей азаматы Григорий Лепсверидзені (әншінің аты-жөні - ред.) Латвия Республикасына белгісіз мерзімге кіруге тыйым салатындардың қатарына қосуды ұйғардым, - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.
Мамыр айында Лепске Литваға кіруге тыйым салынды. Әншіге қарсы санкцияларды ішкі істер министрі Эймутис Мисиунас сыртқы істер министрі Линас Линкевичьюстың үндеуінен кейін енгізді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61