Саясат
Сайлау қос елдің қарым-қатынасына зиянын тигізбей ме?
Ресей мен Ауғанстан арасындағы ынтымақтастық жалғаса береді, деп мәлімдеді Ауғанстан Республикасының атқарушы директоры Абдулла Абдулла өзінің Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевпен кездесуде. Сайлау зиянын тигізбейді.
- Мен бұл кездесуге өте қуаныштымын. Кездесуге уақыт пен мүмкіндік тапқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Сіздердің бейбітшілік процесіне көрсеткен қолдауларыңыз үшін, сондай-ақ біздің елдеріміздің арасындағы байланысты нығайту үшін жасап жатқан жұмыстарыңызға ризашылығымды білдіргім келеді. Біз сайлау өткіздік, бірақ нәтижесі бір аптадан кейін белгілі болады. Бірақ осы сайлау нәтижелеріне қарамастан, біздің елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастық қатынастары сақталады, - деді, Абдулла Абдулла келіссөз барысында.