Саясат

Трамп: Ердоған Ақ үйге келгісі келеді

Трамп Ердоғанмен қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні журналистерге түрік әріптесі Реджеп Тайып Ердоғанның Ақ үйге келгісі келгенін айтты, деп хабарлайды "NBC news".

Сондай-ақ Трамп қарашада Вашингтонға баруды жоспарлап отырған Ердоғанмен қарым-қатынасын жоғары бағалайтынын айтты.

Трамп Миссисипидегі үгіт-насихат митингісіне бара жатып журналистерге:

- Президент Ердоған Ақ үйге келгісі келеді. Біз өте жақсы қарым-қатынастамыз, - деді.

9 қазандаТрамп Сирияның солтүстігінде түрік әскери шабуылына жол беріп, аймақтан америкалық әскерлерді шығаруға шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.

Түркия мен Ресей өткен аптада жеке келісімге келіп, жұма күні Түркия мен Ресей құрлық күштері шекараны бірлесіп күзетуді бастады.

Бұл туралы Трамп:

- Олар шекараны ашсын. Біз мұны қаламаймыз, - деді.

Әрі АҚШ Сириядағы мұнайды қорғауға көбірек мүдделі екенін айтты.

Америка Құрама Штаттары Сирияның шығысында Дейр-әл-Зор аймағында Сирия Демократиялық күштерімен (SDF) бірге мұнай кен орындарын қорғау үшін 500-ге жуық сарбаз орналастырған.

- Мен мұнайды жақсы көремін, біз мұнайды қорғап отырмыз, біз күрдтермен жұмыс істеп жатырмыз және біз Түркиямен ашық жұмыс жасаймыз, - деді Трамп.

9 қазанда Трамп Түркия президентіне Түркия Сирияның солтүстігіндегі аумақта күрдтерге әскери шабуылын бастаған күні «қатал жігіт», «шайтан» және «ақымақ» болмауын ескерткен хатын жолдаған еді.

Бұл туралы Ердоған:

- Әрине, біз бұл хатты өзімізбен бірге ала барамыз. Біз оны қайтарамыз. Трамптың бетіне айтатын сөздеріміз бар, - деді.