Weekend

Димаш Крутойға күйеу бала болмақ па?

Ресей БАҚ-тары талқылап жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Игорь Крутойдың талантты әнші әрі қазақтың мақтанышына айналған Димаш Құдайбергенге деген ықыласы ерекше. Кейінгі уақытта Димаштың барлық ән-шараларының басы-қасында жүрген Крутойдың әрекеті Ресей БАҚ-тарында қызу талқылануда. 

"Крутойдың Димашқа қатысты жоспары тек өнермен ғана шектелмейді" деген пікірлер жиі айтыла бастады. Ресейлік БАҚ пен әлеуметтік желі әлемі "Игорь Крутой Димашты күйеу бала еткісі келеді" деген ойды ұстануда.

- Игорь Крутой талантты әнші Димаштың өзін барынша ыңғайлы сезінуі үшін барын салуда. Ол үшін Димашқа Крутой тек қана концерт ұйымдастырып қоймай, "қажетті адамдармен" де таныстыруда. Димашты барынша қолдау, қазақ әншісінің жеке өміріне араласумен жалғасуда. Сол мақсатта ол 16 жастағы қызын Димаштың барлық ән кештеріне апаруда. Мүмкін араларында сезім пайда болуын қалап жүрген шығар. Instagramда Игорь Крутойдың қызы Димашқа тамсана қарап отырғаны бейнеленген фото пайда болды. Бұл нені білдіреді? Бәлкім, Крутой Димашты күйеубала етпек шығар?», — дейді «VladTime» порталы.

Дегенмен біз Димаштың ұлтын сүйетін ерекше жан екенін ескере отырып, отбасын құру мәселесінде де өз ұлтының сұлуын таңдайтынына сенімдіміз.