Саясат
Ең үлкен қарызы Қытайға тиесілі
Өзбекстанның Қытай алдындағы мемлекеттік қарызы 2020 жылы 3 млрд долларға дейін көбейеді. Бұл 2019 жылдың басына қарағанда 53% артық.
Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 2020 жылы 21,3 млрд долларды құрайды, бұл - ЖІӨ-нің 36% деген сөз.
Жоспарға сай, 2020 жылдың 1 қаңтарында Өзбекстанның Жапония алдындағы қарызы $1,83 млрд, Германияға - $302 млн, Оңтүстік Кореяға - $568 млн, Францияға - $573 млн, Ресейге - $120 млнды құрайды. Осылайша ең үлкен қарыз Қытай еліне тиесілі болып отыр.