Weekend
Ал Димаш Құдайберген қытайлық актерге қазақтың шапанын сыйға тартты
Әнші актердің кездескен сайын өзіне ерекше сый жасайтынын айтады. Бұл жолы да ерекше тарту жасап, батасын берген. Ал Димаш Құдайберген өз кезегінде қазақтың шапанын сыйға тартқан.
"Джеки ағаның қарапайымдылығы туралы айтпаса да белгілі. Бала кезден сүйікті актерімнің бірі. Әрдайым көріскенде батасын беріп, жол сілтейді. Бүгін ағамыздың жаңа үнтаспасының тұсаукесерінде болдым. Қолымдағы Джеки ағаның берген сыйлығы. Дәстүріміз бойынша қазақстандық заманауи шапанды кигіздім. Көңіліңізге, пейіліңізге үлкен рахмет. Күллі әлемді аузына қаратқан кісі осыншалық қарапайым болып жүргендігі қатты қуантады. Ұзақ ғұмыр тілеймін", — деді әнші.
Осы уақытқа дейін кездескен кезде Джеки Чан Димашқа өзінің күртесін сыйға тартып, бірге би билеген еді. Сонымен қатар олар Астана қаласында өткен Қазақстан-Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатында бірге ән салған.