Weekend

Пентхаус ойнатқан күн: Айнұр Тұрсынбаева үшін тарихи күндердің бірі

32 мың адам

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 3 қарашасында айтыскер, ақын, қазіргі таңда қазақ халқының психологына айналған әпкеміз Айнұр Тұрсынбаеваның аты-шулы лотореясы өткізілді.

2019 жылдың 3 қараша күні Астана қаласындағы "Думан" қонақ үйінде Айнұр Тұрсынбаеваның көптен күткен лотореясы өте керемет деңгейде өтті. Лотореяға қатысу үшін әр адам 7000 теңгеге "Айнұрдың мотивациялары" атты кітапты сатып алу шарты болатын. Сол кітаптың бірінші бетінде бес саннан тұратын код жазылған. Бес саннан тұратын код 6 бөлмелі "пентхаусқа" ие болуға себепші болды, ол жайлы кейінірек айта кетерміз. 

Қонақ үйге кітаптарын арқалап 2500-нан астам халық жиналды. Бәрі заңды түрде, әділ, шынайы, Аллаһтың қалауымен өткізілді. Бұл жиында еліміздің танымал блогерлері, айтыскер Сара Тоқтамысова, талантты дизайнер Аида Кауменова, тағы да басқа аға-әпкелереміз бой көрсетті. Тіпті, заңгерлер мен нотариус жұмыскерлеріне дейін бүкіл конкурстың барысын қадағалап отырды. Сол себепті, бәрі әділ өтті деп айта аламыз.

Лотореяда 1000 адамнан астам халық жүлделі болды. Оның ішінде:

- 200 адамға 5000 теңгеден;

- 100 адамға 10000 теңгеден;

- 50 адамға 20000 теңгеден;

- 10 адамға 50000 теңгеден; 

- 5 адамға 100000 теңгеден; 

- 4 адамға Ыстамбұлға жолдама;

- 10 адамға Меккеге қажылыққа жолдама;

- Айнұр Тұрсынбаеваның аты жазылған 100 домбыра; 

ойнатылды. Және ең басты жүлде - Астана қаласынан 6-бөлмелі "ПЕНТХАУС". Айта кетсек, ол пентхаус Айнұр Тұрсынбаеваның өзіне тиесілі. 

"Әрине, өз үйімді ойнату оңай емес. Кім ұтып алар екен деп көп уайымдаймын. Ең бастысы жүрегінде иманы бар, расыменде шын мұқтаж бір жаңға, көп балалы отбасына бұйырса екен деп күнде тілеп жүрмін" деген еді Айнұр ханым. 

Лотореяға қатысқан жалпы халық саны 32000-ға жуық. Соның ішінен бағы жанып "пентхаусты" Шымкент қаласының тұрғыны, 5 баланың анасы - Бибінұр Тапаева ұтып алды. Дәл сол жерде Бибінұр ханымға барша қазақстанның алдында қоңырау шалынды. Қуаныштың көз жасын жарты қазақ естіп марқайып қалды деп ойлаймын. Бес баланың анасы екенін айтқанда, Айнұр Тұрсынбаевада көзіне еріксіз жас алды. Бұл - Айнұр ханымның ниетінің таза болғанының дәлелі. Шынымен де, мұқтаж жанға бұйырғанына барша қазақ риза болды деп есептеймін. 

Оған қоса , бүгін @aidyn_nury  парақшасында жүргізілген тікелей эфирде 25300 адам лотореяның барысын тамашалап, Қазақстан бойынша рекорд жаңартты.