Саясат

Трамп: Сайлауда жеңіске жетемін

"Басты қарсыласым - демократтар мен БАҚ" деді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің 2020 жылғы президенттік сайлауда жеңетініне сенім білдірді деп хабарлайды Корреспондент.

Америка көшбасшысының айтуынша, сауалнама нәтижелері оның жағында, сондықтан ол АҚШ азаматтарының оны қайта сайлайтынына «нық сенімді».

Трамп "жалғыз қарсыластарын сөз байласқан демократтар мен БАҚ" деп отыр.

- Адамдар импичмент туралы естігілері келмейді. Импичмент туралы сөйлегісі келетін адамдар – жалған ақпарат құралдары мен негізінен осы БАҚ-та жұмыс істейтін демократтар. Мен демократтар мен БАҚ ауыз жаласқан деп ойлаймын, - дейді Трамп.