Weekend

Алатаудың бөктеріндегі қоқыс жиналуда

302 мың айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жыл басынан бері Алматы тауларында қоқыс тастаған туристерге 350 мың теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлады Іле-Алатау паркінің өкілдері.

Ұлттық парктің адвокаты Сұлтан Қожанов ағымдағы жылдың 9 айында әкімшілік құқық бұзушылықтың 26 ісі анықталып, қалдықтарды тазаламағаны үшін 353.042 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Барлығы 302 097 теңге өндіріліп, 54 500 теңге көлемінде келтірілген залал қайтарылған. 

- Тауда қоқыс көп, әсіресе, Алматы шатқалының ішіне қоқыс толып жатыр. Оны жинауға жиі жұмысшы жалдаймыз, - дейді Қожанов.

Еске салсақ, Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері бойынша кеңес барысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Көкжайлау шатқалының аумағында курорт салуға тыйым салған болатын. Сонымен қатар, мемлекет басшысы қала әкімдігіне Үлкен Алматы көліндегі, сондай-ақ Медеу шатқалындағы 86 қоқыс орнын жоюды тапсырған.