Bugin
Еуропада ең қауіпті мемлекет - Бельгия
Мекеменің ұсынған мәліметі бойынша, 2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін ЕО-да қарақшылық саны 24% азайып, 396 мың фактіні құраған.
Сонымен қатар, тек 2017 жылдың өзінде Еуропадағы шабуылдардың саны 1,1 миллионнан асқан. Құқық бұзушылықтар Бельгия, Франция, Испанияда жиі орын алған. Тізімге Ұлыбритания мен Португалия да кірді.
Ең қауіпсіз елдер Словакия, Венгрия, Румыния, Эстония және Чехия болды.
Адамға қол жұмсау әрекеттері көбіне Латвия, Литва, Мальтада жасалған. Жаңа Зеландиядағы Отаго университетінің мамандары апокалипсис жағдайында әлемнің қай елін құтқаруға болатынын анықтаған да болатын. Сонымен, ең қауіпсіз ел - Австралия, Жаңа Зеландия және Исландия болды. Сонымен қатар, Жапония, Куба, Фиджи, Ямайка, Барбадос тұрғындарының апокалипсистен аман қалу мүмкіндігі жоғары деп саналды.