Weekend
«Шыны хайуанат»
7 қараша күні Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрының кіші залында Теннесси Уильямстың «Сынық қанат періште» пьесасы сахналанады, режиссері - Алена Қабдешова.
Премьерасы 2014 жылдың 14 қарашасында өткен спектакль атауы басында «Шыны хайуанат» болған, қазірде басшылықтың шешімімен «Сынық қанат періште» деп өзгертілді.
Рөлдерде: Аманда Уингфилд – Дәрия Жүсіп, Лаура Уингфилд – Салтанат Бақаева, Том Уингфилд – Ермек Бектасов,Джим О’Коннор – Мейрамбек Тағанов.
Бұл – американың атақты драматургы Т.Уильямстың 1944 жылы жазылған «Шыны хайуанат» пьесасының қазақ театрында алғаш рет сахналануы. Спектакльде қарапайым да арманшыл отбасы Уингфилдтер өмірі Томның еске алуы арқылы көрсетіледі.
Тіршілігі мен арманы үйлеспеген әйел Аманда ұлы мен қызы өмірден өз орнын тапса деп жанталасады, бірақ, оларды түсінуге құлқы жоқ. Томның арманы еркіндікке кету; ал, өмірмен бетпе-бет келуден қаймығатын Лаура өзін шыны хайуанат әлемінде ғана еркін сезінеді. Алдамшы арман, жан жалғыздығы мұңға батыратын қойылымда уақыттың жинақ белгілері де танылады.